Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тарих, археология және этнология факультеті Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану каферасында «Тарихи компьютинг» студенттердің ғылыми үйірмесінің (СҒҮ) ашылуы

08.11.2019

Көрулер: 424

Іс-шара мазмұны

«Тарихи компьютинг» студенттердің ғылыми үйірмесінің алғашқы отырысында СҒҮ төрайымы болып «Тарих» мамандығының 2-курс студенті Елеулова Айа, төрайым орынбасары болып «IT-мұрағаттану және құжаттану» мамандығының 1-курс магистранты Мухтарова Айгерим тағайындалды. Үйірме мүшелерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары және 2019-2020 оқу жылына арналған ҒЗЖ жоспары анықталды. Кездесу барысында үйірме мүшелері IT-технологияны тарих және архив ісінде қолдану туралы ойларымен бөлісті, зерттеудің нақты бағыттары бойынша шығармашылық топтардың құрамын анықтады. СҒҮ ғылыми жетекшісі т.ғ.д., профессор С.А.Жакишева ЮНЕСКО-Қазақстан және ҚР ОММ қолдауымен жасалған «ҚР Электронды мұрағаты» атты авторлық мультимедиялық жобасын ұсынды. Кейін «Пәнаралық байланыс қазіргі ғылыми зерттеулердің имманентті сипаты ретінде» тақырыбында дәріс оқыды.