Докторант Б.У. Маликовтың ғылыми тағылымдамасы

12.03.2018

Көрулер: 1223

Маликов Бахытжан Усенович,  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Тарих, археология және этнология факультетінің 3 - курс PhD докторанты, Лингнан (Гонконг) университетінде шет елдік ғылыми тағылымдамасын өтті. 

Тағылымдама шет елдік ғылыми жетекшісінің, Лингнан (Гонконг) университетінің профессоры Никколо Пьянчолло жетекшілігімен өткерілді. Ғылыми зерттеу жұмысының жоспары сәтті әрі толығымен орындалды.