«Жас архивист» клубының кезекті мәжілісі

12.03.2018

Көрулер: 773

       2017 жылдың 5 желтоқсанында сағат 14.00-де 401 аудиторияда «Жас архивист» клубының кезекті мәжілісі өтті. Мәжілісте студенттердің ғылыми жұмыстарының республикалық байқауына дайындық мәселесі қаралады. 2017 жылғы Фараби оқулары ауқымындағы халықаралық студенттер мен жас ғалымдар форумында 1,2,3 орын алған студенттер өздерінің ғылыми жұмыстарының дайындығы туралы есеп берді. Ғылыми жұмыстарды ресімдеп, іліспе құжаттарын дайындаудың мерзімі 2017 жылдың 14 желтоқсаны болып белгіленді.

         Мәжілісте 4-курс студенті Жалғас Шаштай «Архив құжаттарын реставрациялау және консервациялау проблемалар» тақырыбындағы баяндама жасады. Тақырып өзекті болғандықтан оның төңірегінде көптеген сұрақтар қойылды. Баяндама жоғары бағаланды.

         Клуб мүшелері 4-курс студенті Дана Омарбекованың «ҚР ОМА білім беру мекемелерінің қорлары туралы» тақырыптарындағы баяндамасын тыңдады. Баяндаманың мазмұны бойынша бірқатар ұсыныстар айтылды.

 

         Клуб жетекшісі – т.ғ.д., профессор О.Х. Мұхатова