Іс-шаралар

Студенттерге арналған гранттық зерттеулерге қатысты «Documentum» клубының кезекті жиналысы.

10.12.2019

Студенттердің халықаралық, отандық, салалық гранттық зерттеулерге қатысу мәселелері талқыланды. Қатысқандар: ұйымдастырушы клуб жетекшісі т.ғ.к.,Нұрпейісова Б.Е.және 12  клуб мүшелері. 

Ары қарай оқу >>

«Тарихи компьютинг» студенттердің ғылыми үйірмесінің (СҒҮ) кезекті мәжілісі

06.12.2019

«Тарихи компьютинг» студенттердің ғылыми үйірмесінің (СҒҮ) отырысында ғылыми үйірме мүшелері таңдаған зерттеулерге бағыттар мен әдістемелік көзқарастардың өзектілігі деңгейі талқыланды.

«Ақпараттық жүйелерді мұрағаттау және құжаттарды басқару» мамандығының бірінші курс магистранттары бірлесіп авторлық түрде жасаған және халықаралық конференцияда ғылыми мақалада ұсынылған компьютерлік археография мәселелері туралы айтты.

Н. Әбдірасілов пен А. Тканов облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға дайындалған имидждік мақалалар туралы баяндады.

СНК ғылыми кеңесшісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор С.Ә. Жәкішева мазмұнды талдау әдісіне ерекше назар аудара отырып, тарихи зерттеу әдістері туралы дәріс оқыды.

Ары қарай оқу >>

«Ата – мұра, рухани жаңғыру кілті» тақырыбында өткен конференция.

23.11.2019

«Documentum» клубы ұйымдастырып өткізген 21.11.2019 жылғы оқытушылар, студент жастардың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаламен үндесуіне арналған конференцияда, ұлттық құндылықтарды  қорғап, бойына сіңіріп, келешекке жеткізуді және ұлттың қасиетінің рухни жаңғыруыдың айқын жолы екендігін пікірлесу  арқылы жеткізу мақсатында өткізілді.   Қатысушылар: клуб жетекшісі, клуб мүшелері, «Мұрағаттану, құжаттану және құжаптен қамту» мамандығының  және студенттері.

Ары қарай оқу >>

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

23.11.2019

2019 жылдың 23 қарашасында белгілі тарихшы, т.ғ.д., профессор Серік Мектепұлы Мәшімбаевтың 80 жылдық мерейтойына орай «Ресей империясының Орталық Азиядағы саясаты және рухани өмірі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.

 

Конференцияның жұмыс бағыттары:

-         Ресей империясының құрамындағы Орталық Азия; 

-         Жаңа империялық саясат: мәселені зерттеудің заманауи бағыттары;

-         Архив қорлары Ресей империясының саясаты туралы.

Ары қарай оқу >>

" Қазақстандағы татарлар" атты Энциклопедиялық сөздік (Казань,2016)

15.11.2019

т.ғ.д., профессор Г.С.Султангалиева Татарстан Республикасы Ғылым Академиясы Татар энциклопедиясы институты басып шығарған "Қазақстандағы татарлар" атты энциклопедияға Қазақ даласындағы татарлар тарихын зерттеуші ретінде енгізілді.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тарих, археология және этнология факультеті Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану каферасында «Тарихи компьютинг» студенттердің ғылыми үйірмесінің (СҒҮ) ашылуы

08.11.2019

«Тарихи компьютинг» студенттердің ғылыми үйірмесінің алғашқы отырысында СҒҮ төрайымы болып «Тарих» мамандығының 2-курс студенті Елеулова Айа, төрайым орынбасары болып «IT-мұрағаттану және құжаттану» мамандығының 1-курс магистранты Мухтарова Айгерим тағайындалды. Үйірме мүшелерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары және 2019-2020 оқу жылына арналған ҒЗЖ жоспары анықталды.

Ары қарай оқу >>