Іс-шаралар

ҚР БҒМ жобалау кеңсесі "Мұрағаттану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету" жобаларды басқару тобының кіші секциясының онлайн кеңесі

08.04.2020

2020 жылдың 8 сәуірінде ҚР БҒМ жобалау кеңсесі "Мұрағаттану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету" жобаларды басқару тобының кіші секциясының қатысуымен "Журналистика және ақпарат" кадрлар даярлау бағыты бойынша бекітілген Кәсіби Стандарттар негізінде және құрастырушылармен білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша онлайн кеңесі өтті. Онлайн кеңеске Болон процесі және академиялық мобильдік орталығының орынбасары – Г. С. Жарасова; Болон процесі және академиялық мобильдік орталығы жобалық тобының менеджері – Ж. С. Жүргенов; кәсіби стандарттарды әзірлеушілер: "HR-менеджерлер қауымдастығы" ҚБ - В. Опря; "HR-менеджерлер қауымдастығы" ҚБ - Г.К. Қайсенова; ҚР Президенті архиві директорының орынбасары - К.Ш. Әлімғазинов; ҚР Орталық мемлекеттік мұрағаты директорының орынбасары – М. .Жылысбаева; ҚР Кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбалары Орталық мұрағаты директорының орынбасары - С.А. Сатаева;; ҚР орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатының директоры - Б. А. Жұматаева; Алматы қаласы Орталық мемлекеттік мұрағатының директоры-А. Қ. Ботанов қатысты.

         Қатысушылар кәсіби стандарттар түрлі біліктілік деңгейлеріндегі және жалпы технологиялық міндеттермен байланысты мамандардың арнайы қызметін ашып көрсетеді деген бір ауыздан пікір білдірді. Бұл ретте кәсіби стандарттардағы маманға қойылатын талаптардың сипаттамасы білімге, шеберлікке және құзыреттілікке, кәсіби тәжірибеге қойылатын талаптардың үйлесімі түрінде неғұрлым заманауи құрылымды пайдалана отырып кешенді сипатқа ие. Бұл стандартқа айтарлықтай қызығушылықты оқытушылар танытты, өйткені кәсіби стандарттар негізінде кәсіби құзыреттілікке оқыту негізделеді, бұл білім беру нәтижелерімен тікелей байланысты. Кәсіби стандартта және сала кадрларының перспективалы дамуында нарықтық қажеттілік негізінде тұтастай алғанда мұрағат саласына және нақты білім беру бағдарламасына бөлінген бюджет орындарының саны анықталғаны атап өтілді.

         Мамандық бойынша кәсіби стандарт пен білім беру бағдарламаларын талдау және салыстыру тақырыбына байланысты мәселелер бұрын жұмыс берушілердің қатысуымен өткен әдістемелік семинарда көтерілді. Семинардың күн тәртібінде жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын кәсіптік стандарттарға бағыттау мәселелері талқыланды.

         Онлайн кеңес қорытындысы бойынша қатысушылар ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің "Мұрағаттану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету" мамандығы бойынша кәсіби стандарт жобасын әр түрлі біліктілік деңгейлерін ескере отырып әзірлеу және бекіту ұсынылды.

Ары қарай оқу >>

«әл-Фараби көзқарасындағы рухани-этикалық нормалар ҚазҰУ-гі университеттік білім беру өлшемінде» атаулы дөңгелек үстелдің видеоконференциясы.

07.04.2020

Халықаралық ғылыми-практикалық студенттердің конференциясы аясында,  «Dokumentum» клубы ұйымдастырған «әл-Фараби көзқарасындағы рухани-этикалық нормалар ҚазҰУ-гі университеттік білім беру өлшемінде» тақырыптағы желілік ZOOM платформасы арқылы видеоконференция  жүргізілді. Біршама клуб мүшелері және  басқа  катысушылар  байланысқа шығып, қатысты. 

Ары қарай оқу >>

ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАПХАНАЛАР: ДАМУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ атты секция жұмысы жайлы

07.04.2020

«ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты халықаралық ғылыми конференциясы аясында 6-9 сәуір аралығында ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАПХАНАЛАР: ДАМУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ атты секция жұмыс істеді. Студенттер, қашықтан онлайн түрде конференцияға қатысып баяндамаларын жасады. Мәселен Мухамбетжанова Жанылсын «Кітапхананың қоғамдағы орнын қайта жаңғырту және туризм саласымен байланысы» атты қызықты және өзекті мәселелер бойынша ой-түйіндеді.

 

Ары қарай оқу >>

«Жас мұрағатшы» клубының кезекті екі отырысы

07.04.2020

07.04.2020 жылы «Жас мұрағатшы» клубының кезекті екі отырысы онлайн түрде өтті. Отырыс барысында клуб мүшелері «Электронды архивтерді қалыптастырудың мәселелері», «Электронды құжаттарды сақтауды қамтамасыз ету мәселелері» тақырыптарын талқылады. Осы тақырыптарды зерттеген отандық және шетелдік зерттеушілердің еңбектері талқыланды. Осы мәселелерге байланысты баяндамалар тыңдалды және талқыланды.

Ары қарай оқу >>

“Әл-Фараби және оның қоғамды, адамзатты дамытуға көзқарастары” атты дөңгелек үстел өткізу туралы

07.04.2020

2020 жылы 7 сәуірде сағат 10:00-де доцент Мийманбаева Ф.Н басшылығымен "Тарих" мамандығының 2 және 3 курс студенттерінің қатысуымен “Әл-Фараби және оның қоғамды, адамзатты дамытуға көзқарастары” атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел басында доцент Ф. Н. Мийманбаева адам қоғамының пайда болуы мен қызмет етуі, идеалды мемлекетті ұйымдастыру принциптері, азаматтық қоғамды құру жолдары қазіргі заманғы жағдайларда өте өзекті екенін атап өтті. "Шығыс ғұламасы", "Аристотельден кейінгі екінші ұстаз" атанған ғалым Әл – Фарабидің қөзқарастары, оның 1150 жылдығының осыған дейін Қазақстанда аталып өтуі, қазіргі уақытта да түбегейлі маңызды.

         Дөңгелек үстелді қорытындылай келе, доцент Ф. Н. Мийманбаева әл-Фарабидің ілімі мен оның көзқарастары құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам құру құру үшін және қоғамдағы келісім мен консенсус принциптерін бекіту жағдайында ерекше қажет екенін атап өтті. Бұл тұрғыда Әл-Фарабидің әлеуметтік-саяси көзқарастары мен идеялары өскелең ұрпаққа саяси тәрбие беруде құнды дерек көзіне айналуы мүмкін.

Ары қарай оқу >>

«Фараби әлемі» атты халқаралық ғылыми конференциясының «Құжаттанудың өзекті мәселелері/ Актуальные вопросы документоведения» секциясының жұмысы.

06.04.2020

«Documentum» клубы мүшелері және  студенттердің «Фараби әлемі» атты халқаралық ғылыми конференциясы«Құжаттанудың өзекті мәселелері/ Актуальные вопросы документоведения» секциясының жұмысында студенттердің ұсынған тақырыптары бойынша баяндама жасалып, қызу талқыланды.Секция жұмысында қатысқандар: «Documentum» клубы атынан қатысқандар және студенттер.

Ары қарай оқу >>

«Әл-Фараби және бақытқа жету философиясы» атты дөңгелек жайында

06.04.2020

2020 жылдың 6 сәуірі күні дәстүрлі Студенттер мен жас ғалымдардың «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты халықаралық ғылыми конференциясы аясында тарих, археология және этнология факультетінің «Ника» студенттік ғылыми клубының ұйымдастыруымен «Әл-Фараби және бақытқа жету философиясы» атты онлайн дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелге 5В020300 - тарих, 5В011400 - тарих мамандықтарының 2-4 курс студенттері қатысты. Дөңгелек үстелді «Ника» студенттік ғылыми клубының жетекшісі, дөңгелек үстелдің модераторы т.ғ.к., доцент Е.Т. Қартабаева кіріспе сөз сөйлеп ашты. Дөңгелек үстел барысында негізгі спикерлер: 5В020300 - тарих мамандығының 3 курс студенті Аманулла Еңлік «Әл-Фараби – араб философиясының негізін қалаушы» тақырыбында және осы мамандықтың 2 курс студенті Батиханов Берік «Әл-Фараби және бақытқа жету жолы» атты тақырыпта қысқаша баяндама жасады. Дөңгелек үстелдің барысында студенттер әл-Фарабидің бақытқа жету философиясының рационалдылығы, сонымен бірге оның бақытқа жету жолдарын нақты көрсететіндігіне ерекше көңіл аударды. Дөңгелек үстелге қатысушылар әл-Фарабидің бақыт философиясын талқылаумен қатар, бақыт туралы өз көзқарастары мен пікірлерін де ортаға салды.

Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану

кафедрасының доценті Қартабаева Е.Т.                      

Ары қарай оқу >>

"Отырардың аңызы мен ақиқаты" атты «Мұратану» клубының дөңгелек үстелі

06.04.2020

«ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты халықаралық ғылыми конференциясы аясында 6 сәуір де онлайн түрінде "Отырардың аңызы мен ақиқаты" атты «Мұратану» клубының дөңгелек үстел жүргізілді. Дөңгелек үстелге кітапхана ісі мамандығының 1-4 курс студенттері қатысты. Әсіресе 2 курс студенті Алтынбеков Қанаттың баяндамасы әсерлі және ғылыми жағынан жоғары.

Ары қарай оқу >>

«Documentum» клубы видеоконференциясы.

02.04.2020

«Ғылыми мекемелердің архивтерінің сақталуы мәселелері» клуб мүшелері қатысуымен, проблемалық тақырып мәселесіне қатысты видеоконференция жүргізілді. 1-курс магистранты Шарипанова Меруерттің  «Қазақстанның ғылыми ұйымдарының құжаттық қорының сақталуы мәселелері» тақырыбында баяндамасы аясында клуб мүшелері пікір бөлісіп, алдағы болатын конференцияға ұсынуды ұйғарды. Қатысқандар:клуб жетекшісі т.ғ.к., Нұрпейісова Б.Е.және клуб мүшелері.

Ары қарай оқу >>

«Ғылыми мекемелердің архивтерінің сақталуы мәселелері» тақырыбындағы «Documentum» клубы видеоконференциясы.

02.04.2020

«Ғылыми мекемелердің архивтерінің сақталуы мәселелері» клуб мүшелері қатысуымен, проблемалық тақырып мәселесіне қатысты видеоконференция жүргізілді. Шарипанова Меруерт. 1-курс магистранты. «Қазақстандық архивінің құжаттық қорының сақталуы мәселелері» тақырыбында баяндама жасады. Осы тақырып аясында клуб мүшелері пікір бөлісіп, алдағы болатын конференцияға ұсынды.

Ары қарай оқу >>