Іс-шаралар

"Қазіргі кезеңдегі архив ісі" ҚР Президенті Архивінің 25 жылдығына орайластырылған II халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

17.10.2019

Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының меңгерушісі Гүлмира Сәлімжанқызы Сұлтанғалиева ҚР Президенті Архивінің 25 жылдығына орайластырылған "Қазіргі кезеңдегі архив ісі" атты  II халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Баяндама тақырыбы: "Документы по истории Казахстана 19-начало 20вв. в российских архивах (поисковая работа в рамках программы "Архив 2025".

Ары қарай оқу >>

Гендерлік зерттеулер саласындағы зерттеулер ұлғаюда

15.10.2019

2019 ж. 15 қазанда ҚР БжҒ министрлігі гранттық қаржыландыруымен жүзеге асырылып отырған №АР 05133556 «Фронт/тыл: Қазақстан және Ресей тарихындағы екінші дүниежүзілік/Ұлы Отан соғысының гендерлік аспектілері» жобасы аясында Қазақстан, Ресей, Қытай зерттеушілері қатысқан дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел ұйымдастырушылары дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының профессоры Жаркынбаева Р.С.,   докторанттар Суйнова А.Т., Се Тянь.

Ресейден қатысушылар- Шнырова О.В., Иванов қ. Гендерлік зерттеулер орталығының директоры (Гендерлік бағыт негізінде соғысты зерттеу методологиясы); Потемкина М.Н., Г.И. Носов ат. Магнитогорск мемлекеттік техникалық университетінң профессоры (Әйелдердің күнделікті тарихы контекстінде Ұлы Отан соғысы жылдарындағы эвакувция мәселесін зерттеу); Дулина Н. В., Волгоград мемлекеттік университеті (Әлеуметтану әдістерін қолдану негізіндегі Тарихи жад пен оның сақталуы); Ануфриева Е.В., Ситникова О.И. Волгоград мемлекеттік техникалық университетінің доценттері (Ұлы Отан соғысы жайлы тарихи жады құрылымындағы ауызша тарих: гендерлік аспект).

Қазақстандық қатысушылар- проф. Алимгазинов К. Ш., ҚР Президент архиві директорының орынбасары; Дадабаева Г.Р., КИМЭП университеті халықаралық қатынастар кафедрасының профессоры, М. Тынышпаев ат. ҚазАТК Қазақстан тарихы және социо-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі Абдирайымова А.С., әл-Фараби ат. ҚазҰУ профессор-оқытушылары Жумадил А.К. , Уразбаева А.М. , Смагулова С.А., Мийманбаева Ф.Н., Хасанаева Л.М, докторанттар және магистранттар.

Ары қарай оқу >>

Экзеттер Университеті (Ұлыбритания) халықаралық конференциясына қатысу

29.06.2019

Профессор Г.С. Сұлтанғалиева, профессор К.Т. Жұмағұлов пен PhD докторант Абдрахим М. 27-29 маусымда Ұлыбританияның Exetter университетінде өткен Орталық Азия зерттеушілерінің Еуропалық қоғамының халықаралық конференциясына қатысады.

Ары қарай оқу >>

Халықаралықаралық бағдарлама бойынша екі университет арасындағы ынтымақтастық

15.06.2019

Жақында «Ұлы Дала тарихы мен мәдениеті» Мемлекеттік бағдарлама бойынша ғылыми іс-сапардан (Италия, Рим) дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының профессоры, т.ғ.д., РҒЗО директоры, ҚР ҰҒА құрметті академигі Қ.Т. Жұмағұлов келді. La Sapienza Universita di Roma тарих, антропология және дін департаментінде профессор Қ.Т. Жұмағұлов және профессорлар Fabio Grassi мен Gaetano Lettieri магистрлар мен студенттердің Халықаралық қос диплом бағдарламасы бойынша тәжірибелік дайындықтарын талқылады. Бұл бағдарлама Қазақстан мен Италия университеттері арасында алғаш рет 2015 жылдан бастап сәтті жүзеге асып келеді.

Профессор Қ.Т. Жұмағұлов Ла-Сапиенза университетінде кездесу және баяндамалар жасау барысында Орталық Азия мен Қазақстанның ерте және ортағасырлар тарихы бойынша мәселелерге тоқталды. Сонымен қатар, ол профессорлардың, ғылыми қызметкерлердің және студенттердің қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының тарихы бойынша сұрақтарына да жауап берді.

Biblioteca Apostolica Vaticana және Archivio Segreto Vaticana – да Қ.Т. Жұмағұлов сирек кездесетін деректерге, сонымен бірге құпия архив материалдарына көп көңіл бөлді. Ол Дешті-Қыпшақ, Алтын Орда, Ұлы Жібек жолындағы Батыс пен Шығыстың интеграциясы жөнінде материалдарды анықтады. Бұл ең алдымен Рим папаларының, монғол билеушілерінің, Алтын Орда хандарының, Персиядағы елхандардың хат алмасулары. Осы сирек кездесетін латын тіліндегі манускриптілер Қазақстан, Түркі әлемі мен Орталық Азия тарихына көп жаңалықтар қосады.

23 мамырда Римде болған іс сапардың барысында ҚазҰУ профессоры Италиядағы Қазақстан елшілігінде болды. ҚР Италия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сергей Нұртаев әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Римдегі La Sapienza университетінің қарым-қатынасына зор қанағаттанушылығын білдірді. Ғылым мен білімнің әрі қарайда осы ағымда дамуына сәттілік тіледі.

Тағы бір қуантарлық жәйт, Италия Республикасындағы Қазақстан Республикасының елшілігі тарих ғылымының докторы, профессор, «Дүние жүзі тарихын зерделеу» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Жұмағұлов Қалқаман Тұрсынұлына екі университет, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Римдегі La Sapienza университеті арасындағы ынтымақтастыққа қосқан жеке үлесі және қажымас еңбегі үшін алғысын білдірді.

Төтенше және Өкілетті елші С. Нұртаевтың ресми алғыс хатын профессор Қ.Т. Жұмағұловтың қолына университеттің Ғылыми кеңесінің мәжілісінде академик Ғ.М. Мұтанов салтанатты түрде тапсырды.

Ары қарай оқу >>

Tribes and religion " дөңгелек үстелі"

27.05.2019

Профессор Сұлтанғалиева Г. С. СЕТОВАС (Франция, Париж) ұйымдастырған "Tribes and religion" дөңгелек үстеліне қатысып, "Kazakh tribes within Empire: Berkimbaevs from tribal leadership to Russian centry"атты баяндамасын оқыды.

Профессор Султангалиева Г. С.

Ары қарай оқу >>

Профессор Сұлтанғалиева Г. С. және PhD докторант Тулешова У. халықаралық форумда қатысуы

28.04.2019

2019 жылдың 25-28 сәуірінде профессор Сұлтанғалиева Г.С. және PhD докторант  Тулешова Улжан «Орынбор перспективасы: Үлкен Еуразияның орталығында Ресей мен Қазақстанның жас тарихшылары» атты халықаралық форумға қатысты.
Қазақстандағы Хоккайдо университетінің елшісі, профессор Сұлтанғалиеваның Г.С. мақаласын «Litterae populi» журналында көрсетілген сілтеме бойынша көруге болады  https://www.hokudai.ac.jp/pr/litterae_vol.62.pdf

 

Ары қарай оқу >>