Жакебаев Даурен Бақытбекұлы

Жакебаев Даурен Бақытбекұлы- PhD доктор, доцент, математикалық және компьютерлік пішіндеу кафедрасының меңгерушісінің міндетін атқарушы. Оның ғылыми қызығушылықтарының шеңбері - гидродинамикалық құбылыстар, турбулентті МГД ағынының математикалық моделі, газ және мұнайлы аумақтардағы экологиялық мәселелердің есептеу аспектілері, атмосфераның жерасты қабатының ластануын пішіндеу, цилиндрлік облыстардағы кеңістіктік ағындардың сандық пішіндеуі, үш өлшемді фильтрленген стационар емес Навье-Стокс теңдеуінің негізінде изотропты турбуленттілік құбылыс өзгерісін математикалық пішіндеу.

“Цилиндрлік облыстардағы кеңістіктік ағындарды сандық модельдеу” тақырыбына диссертация қорғады (мамандық шифрі 05.13.00).

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың механика және математикасының ғылыми зерттеу институтында (НИИ) ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге қатысады. Халықаралық ынтымақтастық бағдарламасы бойынша жобалардың, МОН ҚР-ның іргелі және қолданбалы бағдарламалардың сенімді орындаушысы, сондай- ақ АО ”КазТрансОйл” ДГП “Инфракос-Экос” –пен келісімді ғылыми зерттеу жұмыстарын атқарған. Магистранттар мен PhD докторанттар үшін оқу процесінде қолданбалы бағдарламаның дайын пакеттерін жиі қолданады. Ғылыми жобалардың орындаушысы болып табылады.

Жакебаев Д.Б. 1 монографияның және 40- тан аса ғылыми жұмыстардың авторы, олар Қазақстан Республикасының және алыс шетелдердің атақты журналдарында жарияланған. Бес магистрант дайындады.

Механика- математика факультетінде “Есептеу гидродинамикасы”. ”Турбулентті ағыстарды сандық модельдеу”, ”Параллельді бағдарламалау”, “Программалау”, ”Compaq Visual C++ тілінде программалау”,”Java-Программалау”, “OpenMP және MPI гибридті технологияларын қолданып Параллельді бағдарламалау”, ”Mathematical modeling of physical process”, ”Organization of parallel computations”.

Ғылыми жұмыстарының нәтижесі Әзірбайжандағы, Германиядағы, Россиядағы, Италиядағы, Польшадағы халықаралық конференцияларда және республикамыздағы конференциялар мен семинарларда көрсетілді.