Тілдер және мәдениеттер фестивалі

04.12.2020

Көрулер: 1894

Дәстүр бойынша желтоқсан айының басында шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру кафедрасында "Тілдер және мәдениеттер фестивалі" аясында Ашық есік күні өтеді. Биылғы жылы іс-шара кафедраның 35 жылдығына арналды және уақыт талабы бойынша онлайн форматта өткізілді. Бұл - халықаралық деңгейдегі тәрбиелік іс-шара. Іс-шара барысында кафедраның оқытушылары мен студенттерін ресми қонақтар, кафедра түлектері сөз сөйлеп, мерейтойымен құттықтады. Мәскеу лингвистикалық университетінің түлектерінен достық жылы лебіздерін білдіріп видео жолдады. Қазір кафедрада білім алып жатқан студенттер өлең оқып, ән айтып өз өнерлерін көрсетті. Кафедра студенттері мен оқытушыларынан басқа, Ашық есік күніне ресми қонақтар қатысты: әл-Фараби ат. ҚазҰУ-дың бірінші проректоры М.М.Бүркітбаев, ҚР-дағы ҚХР Бас консулдығының ғылым және техника жөніндегі консулы Ми Гюйсюн, Венгрия Бас консулдығының сауда-экономикалық қатынастар жөніндегі кеңесшісі Дердь Тар, әл-Фараби ат. ҚазҰУ-дың тәрбие жұмысы жөніндегі департаментінің директоры ж.д.Есімова, әл-Фараби ат. ҚазҰУ-дың Имидждік саясат және қоғаммен байланыс департаментінің директоры Д.К. Дүйсебаев, Ланчжоу университетінің (ҚХР) шет тілдер кафедрасының өкілдері, әл-Фараби ат. ҚазҰУ жанындағы Конфуций институтының өкілдері, Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік компаниялардың басшылары қатысты.