Донор күні

13.11.2014

Көрулер: 2866

2014жылдың 13қарашасында Шығыстану факультетінде университеттің «Айналаңды нұрландыр!» әлеуметтік-инновайиялық жобасы аясында «Донор күні» атты қан тапсыру игілікті ісі өткізілді. Қайырымдылық жұмыс Республикалық қан орталығымен ұйымдастырылды. Факультет студенттері мен оқытушылары0,35 литр мөлшерінде қан тапсырды.

Қандоноры болу – ерікті түрде өз қанын тапсыру немесе оның компоненттерін науқастарға қан құю, медициналық препараттардың компоненттерін алу үшін қолданылады. Қан ауыр жарақат алған немесе күйген адамдарға құю үшін, аса қиын оталарды жүргізуде, ауыр босану кезінде, сондай-ақ гемофилия және қаны аз адамдардың өмірін сақтап қалу үшін қажет. Сонымен қатар, донорлық қан онкологиялық ауруларға химиотерапия жүргізу кезінде қажет. Жер бетінің әрбір үшінші тұрғыны өмірінде бір рет болса да донорлық қанға мұқтаж болады.

Өз еркімен қан тапсырып, өмір құтқаруға атсалысқан Шығыстану факультетінің студенттері мен оқытушыларына ризашылығымызды білдіреміз!