Доктор Реза Давәри Ардаканидің «Фараби – ислам философиясының негізін қалаушы» атты кітабының тұсаукесер

06.11.2014

Көрулер: 2478

Қараша айының 5 жұлдызында, шығыстану факультетінде, арабтану және ирантану кафедрасының демеуімен Иран философы, Иран Ислам Республикасы ғылым Академиясының президенті, белгілі философ ойшыл және мәдениет қайраткері Ризо довари Ардакани мырзаның «әл-Фараби – ислам философиясының негізін қалаушы» атты кітабының презентациясы өтті.

Кездесу барысында арабтану және ирантану бөлімінің оқытушылары мен оқушылары доктор Ардаканидың өз аузынан, кітабында айтып өткен негізгі ойларын тыңдау мәртебесіне ие болды. Атап айтар болсақ, доктор Ардакани өз еңбегінде әйгілі араб ойшылының көзқарастарын ислам философиясы тұрғысынан зерттеп, сонымен қатар көптеген елдердің Ұлы тұлғаны өз жерінің тумасы, деп талас-тартысқа түсетінін айтады. Алайда Иран ғалымы, әл-Фарабиды Қазақ жерінде туылғанын ерекше айтып өтеді.

Сөз соңында доктор Ардакани факультет ұстаздары мен студенттеріне өз кітабын қолтаңбасымен бірге тарту етті.