Біздің оқытушылар халықаралық симпозиударда

16.10.2014

Көрулер: 3231

2014 жылдың 10-15 қазаны аралығында Ганьсу провинциясында мәдениаралық интеграция мәселелері бойынша Халықаралық симпозиум өтті. Симпозиумға әлемнің 100 ден астам мәдениеттанушы-шығыстанушылары қатысты. Симпозиум жұмысына Корнель университетінің профессор Ань Ипань, Нанхуа Университетінен (Тайвань) Чжен Айцай, Такако Ямамото (Жапония), Давид Клементс (Англия), Цуй Чунхуэй (Гонконг), Юсупов Р. (Қыргызстан) және басқа да ҚХР университеттерінен маман ғалымдар қатысты.

Аталмыш симпозиумға Қазақстан Республикасы атынан Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының доценті, белгілі синолог Фатима Даулет қатысты. Симпозиумда Ф. Даулет «Тамгалы Тас» ескерткіштеріндегі будда бейнесі» атты баяндаманы таныстырды. Баяндама өте жылы қабылданды.

Симпозиум соңында Солтүстік-Батыс университетінің ректоры Лью Чжункуй мырза доцента Даулет Фатиманы қабылдап, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен арада тығыз ғылыми байланыс жасағысы келетіндігін білдірді, сонымен қатар Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдарының қатысуымен Орталық Азияны зерттеу орталығын ұйымдастыруға ниет білдірді.