Иран Ислам Республикасының төтенше және өкілетті елшісінің сапары

23.10.2014

Көрулер: 3512

Шығыстану факультетінде арабтану және ирантану кафедрасының ұйымдастыруымен Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Моджтаба Дамирчилумен кездесу өтті. Кездесуде арабтану және ирантану кафедрасының оқытушылары мен студенттері елші Дамирчилу мырзаның Орта Азия елдеріндегі саяси жағдайға деген көзқарасын, Иран мен Қазақстан арасындағы келісім және де екі ел арасындағы келешектегі қызметтестік үрдісі жайлы көзқарасын білуге мүмкіндік алды. Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Моджтаба Дамирчилудың ҚазҰУ Шығыстану факультетіне жасаған ресми сапары барысында «ҚазҰУ Шығыс музейінде» болып, арабтану және ирантану кафедрасының кабинеттері мен кітапханасын аралап шықты. Иран елшісі кафедра студенттерінің оқуларына жасалған жағдайларға көңілі толып, арабтану және ирантану кафедрасының студенттерінің жақсы маман иегерлері мен жоғары деңгейдегі кәсіпқой мамандар болатындығына сенімін білдірді.