«Білгенге маржан» атты кездесу өтті

11.10.2014

Көрулер: 3702

2014 жылдың 10 қазанында шығыстану факультетінде арабтану және ирантану кафедрасының ұйымдастыруымен «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» инновациялық-әлеуметтік жобасы аясында «Білгенге маржан» атты Қазақстанның ашық кітапханасы жобасының - www.kitap.kz сайтының бас редакторы Мақпал Жұмабаймен кездесу өтті.

Жуырда бас редактордың тікелей басшылығымен ашылған оқушыларға арналған жаңа сайтпен танысу факультет оқытушы-профессорлар құрамының үлкен қызығушылығын туғызды. Сайттың бас редакторы жас ақын Мақпал Жұмабай кездесу барысында сайттың оқырман қауым үшін қандай кітап болсын оның қолжетімділігі турасында қызықты да маңызды ақпараттарымен бөлісті. Кездесу барысында оқытушылар мен студенттер қазақ тіліндегі кітапқұмарларға арналған жаңа сайтқа байланысты өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, іздеген кітаптарына қол жеткізудің оңай жолы табылғанына қуанышты сезімдерін білдірді.

Бас редактордың айтуы бойынша олардың бұл қорында отандық және шетелдік 700-ден аса автор және 4000-нан аса кітап, 100-ден аса балаларға арналған ертегілер, мультфильмдер, ақын-жазушыларымыздың еңбектері, жазылған дауыстары, дәстүрлі және эстрада әншілерінің әндері, сондай-ақ ескі фильмдер де бар екен. Әсіресе, интернет желісі ұстаған жердің бәрінде осы ресурстармен еркін танысып, тегін пайдалануға болатын мүмкіндіктердің оқырманға тиімділігі зор пайдалы болмақ.

Жалпы, кездесу барысында факультет ұстаздары мен студенттері қызықты мәліметтердің куәгері болып, өздері үшін жақсы дүниелер ашты. Сонымен қатар осы мақаланы оқыған университеттің әрбір оқырманы осы сайт қызметі жайлы хабардар болып, рухани азық алса екен деген ниетіміз бар.