Жыл сайынғы POSCO қорынан бөлінетін шәкіртақы рәсімі

08.10.2014

Көрулер: 3114

Қазан айының 7 күні ҚазҰУ-дың ең үздік студенттеріне жыл сайынғы POSCO қорынан бөлінетін шәкіртақы рәсімі өткізілді. Біздің студенттерден 500 доллар көлемінде шәкіртақы алғандар Гульмира Юсупова, Болат Бейсекул (Корейтану және Жапонтану кафедрасы) , Нуржанов Фараби, Салимова Сая (Арабтану және Ирантану кафедрасы) , Базарбай Гульнар (Түркология кафедрасы). Іріктеудің үдерісінде үлгерім, оқу мақсатында және қоғамдық өмірде белсенділік, әлеуметтік жағдай қарастырылды.

POSCO (Pohang Iron and Steel Company) – әлемдегі екінші ірі нарықтық өндіруші компаниясы және Азиядағы болат өндірудегі кірісі көп компания. 2006 жылдан бастап қор жаңа бағдарлама «Азия мемлекеттеріндегі ең үздік студенттерге шәкіртақы» енгізді, ол Азиядағы 10 мемлекеттеріндегі 12 университтеттің үздік студенттеріне беріледі. Аль- Фараби атындағы ҚазҰУ-і ынтымақтастық туралы меморандум қорымына жазылған алғашқы университет, соған сәйкес жыл сайын университеттің шәкіртақыға лайықты студенттеріне АҚШ-тың 500 доллар көлемінде ақша беріледі.