«Мағынасыз сөз сүйексіз дәнмен тең» атты театрландырылған көрініс

25.09.2014

Көрулер: 3502

22 қыркүйек «Тілдер мерекесі» аясында университетіміздің Шығыстану факультеті ирантану бөлімінің 3,4 курс студенттері парсы тілінде көрініс өткізді. Көрініс патша және оның үш ұлы жайында өрбіді. Студенттердің көрерменге жеткізер ойы қазақ халқының «Асыл - тастан, ақыл - жастан» атты мақалына сәйкес келді. Мерекелік іс-шараның соңы естелік фотосуретке түсумен жалғасты.