Қытайтану кафедрасының доценті Ф.Н. Дәулет республика дәрежесінде мастер-класс өткізді

25.04.2014

Көрулер: 3386

Мастер класқа республикамыздың түкпір-түкпірінен келген саны қырықтан аса мұғалімдер қатысты. Атап айтсақ, Л. Гумилёв атындағы Еуразия Ұлттық Университеті Конфуций Институты директоры с.ғ.к., доцент Қошанова С.Е., Қарағанды Ұлттық Технологиялық Университеті Конфуций орталығының директоры т.ғ.к, доцент Филиппова Т.С., Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау Ұлттық универсиетінің филология факульеті, қазақ тілі кафедрасы доценті Құрманова А.Қ., Шағырбаева Б.Қ. Мастер-класқа аталмыш университеттерден басқа, Алматы қаласындағы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті қытайтану кафедрасының ұжымы, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің қытай тілі мұғалімдері, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің мұғалімдері, Халықаралық қазақ-қытай тіл академиясының қытай тілі мұғалімдері, Д.Қонаев атындағы Қазақ гуманитарлық университеті қытай және ағылшын тілі мұғалімдері, Жүргенов атындағы Өнер академиясының қытай және қазақ тілі мұғалімдері, Қазақ Еңбек және Әлеуметтік қатынастар академиясы мұғалімдері, Алматы көлік және транспорт колледжі мұғалімдері қатысты.

Егеменді Қазақстанның жаңа буын қытайтанушылары ішінде жиырма жыл бойғы ғылыми-педагогикалық бағыттағы ерен еңбегімен елімізге белгілі Ф.Н.Дәулет осы мастер-класта да сабаққа қатысқан тіл мамандарын айрықша әдістемелерін ортаға салып, тағы да тәнті етті. Сабақта миға шабуыл, кейс-стади, шетел тілін оқытудың құзыреттік-бағдарлы әдістері және аударма теориясы мен практикасында қолдануға тиіс өзге де инновациялық әдістер мен технологиялар ұтымды пайдаланылды

Мастер-класс соңында еліміздің түрлі іргелі оқу орындарынан келген жоғары дәрежелі мамандар сабақ бойынша өз пікірлерін ортаға салып, Ф.Н. Дәулеттің жұмысына өте жоғары баға берді. Олар және де тәжірибе алмасуға үлкен септігін тигізетін осы тәріздес мастер-кластарды жиі өткізу керектігін ерекше атап көрсетті.