Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Халық әні кафедрасы ұжымының концерті
Көрулер: 4235
Құрметті ұстаздар мен студенттер!
Құрылымдық бөлімше, факультет және кафедра басшылары!
30 сәуір күні сағат 17.00-де Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің 80 жылдық мерейтойына орай Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Халық әні кафедрасы ұжымының концерті болады. Университетіміздің ұстаздары мен шәкірттеріне және қызметкерлеріне арналған концерттік бағдарлама «Бабалар аманаты» аталады. Өнерпаздар репертуарында бабалардан жеткен толғау жырлар, әсем ән мен күмбірлеген күйлер қамтылған. Әншілер – халықтың бай мұрасын елімізде ғана емес, шет елдерде де насихаттап жүрген танымал өнер қайраткерлері.
Концертке қатысатындар: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Халық әні кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, жыршы Ұ.Байбосынова, ҚР еңбек сіңірген артисі Б.Қожабаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Р.Жұмадилова, Е.Мустафаев, А.Қосанова, Е.Шүкіманов, ҚР мәдениет қайраткерлері М.Әбуғазы, А.Исатаева, Халықарлық, республикалық байқаулардың лауреаттары А.Ахатов, Т.Құрманғалиев, Э.Қарабалина және магистранттар мен студенттер.
Өтетін орны: ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің Акт залы
Масанчи көшесі 39/47 (Бөгенбай батыр қиылысы)
Ұйымдастырушылар: Шығыстану және ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеттері
Концертіміз халық өнерін насихаттау мақсатында болғандықтан, тамашалаймын деушілерге есігіміз ашық.