«Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени ынтымақтастық байланыстар» атты дөңгелек үстел өткізілді

26.03.2014

Көрулер: 2945

20 наурыз күні сағ. 11.00-13.00-де шығыстану факультеті мен халықаралық қатынастар факультетінің бірлесіп ұйымдастырғын «Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени ынтымақтастық байланыстар» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге «Түркі халықтары мәдени қорының» Президенті және «Түркі әлемі» халықаралық газетінің Бас редакторы Ахмет Дағдұран, шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының доценттері А.Ә.Кенжебаева, М.А.Омарова, дипломатиялық аударма кафедрасының меңгерушісі, профессор А.Ш. Байтукаева, доцент С.Б. Бөірбаева, факультеттің аға эдвайзері Г.У. Ахметалиева, доцент Г.Қ. Смағұлова, аға оқытушы Ұ.Ә. Әмірбекова және шығыстану факультеті мен халықаралық қатынастар факультетінің 1-3 курс студенттері және ҚазҰУ-дың Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде оқитын Ауғанстаннан келген тыңдаушылар қатысты. Дөңгелек үстел барысында жалпы түркі мәдениетіне тән құндылықтардың өзіндік табиғаты туралы, түркі халықтарына ортақ рухани қайнар мен айшықтар туралы салиқалы сұқбат өткізіліп, соңында арнайы шақырылған қонақтарға магистранттар көкейде жүрген сұрақтарын қойды.