"Қош келдің әз Наурыз" атты мерекелік іс-шара өтті.

13.03.2014

Көрулер: 3792

13 наурыз күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Шығыстану факультетінің Қытайтану кафедрасының ұйымдастыруымен №14 жатақханада "Қош келдің әз Наурыз" атты халықаралық мерекелік кеш ұйымдастырылды. Мерекелік кештің қонақтары: Қытай Халық Республикасынан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға оқуға келген студенттер, Абылай хан атындағы ҚазӘТХҚ университетінің студенттері, Д.А.Қонаев атындағы университеттің оқытушылары мен студенттері, қытайтану кафедрасының меңгерушісі Батпенова З.С., қытайтану кафедрасының оқытушылары мен Шығыстану факультетінің студентері. Мерекелік кеште Қазақ халқының ұлттық қолөнер дәстүрімен таныстырылып, қазақша ұлттық бұйымдардан көрме ұйымдастырылды. Кеште қымыз құйылып, ұлттық төл ойынымыз асық ойналды. Шығыстану факультетіндегі әр кафедралардың студенттері мерекелік шашуларын тарту етті. Осы мерекелік кеште қазақ дәстүрі мен Наурыз ұлттық мерекесі шетел студенттерінің қызығушылығына ие болды.