Университет аралық деңгейдегі мастер –класс

12.03.2014

Көрулер: 3275

Аталған дәріске Алматы қаласының белді оқу орындары- Абай атындағы Қаз ҰПУ саясаттану және философиялық-әлеуметтік пәндер кафедрасының PhD докторы Айтқазы Сажида, Халықаралық Қазақ Қытай Академиясының оқытушылары Сәуле Әнуар,Оразғали Гулжан, Қазақстан Еңбек және Әлеуметтік қатынастар академиясының оқытушысы Дәулетова Гауһар Орынбасарқызы және аталған факультеттің арабтану және ирантану, корейтану және жапонтану, түркітану және үндітану кафедрасының оқытушылары қатысты.

Оқу барысы ағылшын, қытай, орыс ,қазақ тілдерінде ұсынылған материалдарды жан-жақты талдауда 1 курс магистранттары өте жоғарғы деңгей танытып, келген қонақтырды тәнті етті. Доцент Дәулет Фатима Ноғайқызы сабақ барысында шет тілін оқытуда тілмен қатар мәдени аспектілерді қатар алып жүру қажеттілігін баса көрсетті, Магистранттар тілдегі эфемизм, табу сөздердің әр елдің менталитетіне сай айшықты көріністерін жан-жақты ашып көрсетті, мастер- класс 2 сағат уақытқа созылып, жоғарғы талаптарға сай өткізілді. Дәріс соңында әр алуан жоғарғы оқу орындарынан келген қонақтарға сөз беріліп, сабақ барысына талдау жасалынды. Бұл – қытайтану кафедрасы ұйымдастырып отырған унверситеттер аумағында өткен көрнекті дәрістердің бірі болды.