Қытайтану кафедрасы ұйымдастыруымен« Өркениеттер диалогы: Орта Азия және Шығыс Азия»атты тақырыпта ғылыми семинар өтті.

04.03.2014

Көрулер: 3424

К. Хафизова өзінің соңғы кезде жарық көрген еңбектерінің бірі «Өркениеттер тоғысындағы тұлпар бейнесі» атты кітабы туралы айтып өтті. Мұнда тұлпарлардың көшпенді, қытай, манжур және басқа да халықтар өмірінде алатын орны туралы әңгімелеп өтті. Тұлпарларға табынушылықтың түркі–монғол халықтарының өмірінде басты көрініс тіптен ХХ ғасырдың басына дейін болғандығы жөнінде жан-жақты ашып көрсетті. Факультет магистранттары мен жас ғалымдары баяндаманы ерекше ықыласпен тыңдап, қызықты сұрақтар қойды. Әсіресе 1 курс магистранттары Бауыржан Қаратаевтың, Түрікпенова Динараның Қытай архивтері, соның ішінде іргелі құжатжай боп есептелінетін Тайбэй архиві туралы қойған сұрақтары Хафизова ханымды дән риза қылды. Жас ғалымдармен, қытай архивтерімен қалай жұмыс істеу керектігі жөнінде өз тәжірбиесімен бөлісті. Сонымен бірге белгілі ғалым Қытайтану саласында зерттелуі тиіс тың тақырыптар жөнінде, мәселен «Шыңжан төңкерісінен кейінгі Орта Азиядағы Қытай елшіліктері», «Алаш Ордалықтар және Қытай» атты тақырыпты жан-жақты зерттеу керек деп айрықша атап өтті, ғалым магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмысына оң бағыт сілтеп, әріптестеріне алдағы уақытта үлкен шығармашылық табыс тілеп, өз тәжірбиесі жөнінде сыр бөлісті. Семинар соңында ғалым қытайтану кафедрасының қорына бірнеше кітаптарын сыйға тартты.