Шығыстану факультетінің арабтану және ирантану кафедрасының студенттері «Шетел филологиясы: шығыс тілдері» мамандығы бойынша өткен Республикалық олимпиадада жүлделі орындарға ие болды.

03.03.2014

Көрулер: 2840

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде 2014 жылдың 28 ақпан пен 1 наурыз аралығында «Шетел филологиясы: шығыс тілдері» мамандығы бойынша өткен Республикалық олимпиадада Шығыстану факультетінің арабтану және ирантану кафедрасының студенттері жүлделі орындарға ие болды. Солардың ішінде араб бөлімінің студенттері:

2 орын - 2 курс студенті Ибраева Елдана, 3-орын - 4 курс студенті Қасымов Мақсат.Сонымен қатар, парсы бөлімінің студенттері: 2-орын - 4 курс студенті Қосымбеков Нұржан, 3-орын - 2 курс студенті Мансұр Дина. Парсы тіліндегі үздік шығарма жазу бойынша 4 курс студенттері Нұржанов Фараби және парсы тілін жақсы меңгергені үшін Жәділ Әсел грамоталарға ие болды.