Арабтану және ирантану кафедрасының ұйымдастыруымен №14 жатақханада студенттерге арналған «Біз нашақорлыққа қарсымыз» атты іс-шара өтті.

03.03.2014

Көрулер: 3189

28 ақпан күні №14 студенттер жатақханасында шығыстану факультетінің арабтану және ирантану кафедрасы ұстаздарының ұйымдастыруымен 1-4 курстар үшін «Біз нашақорлыққа қарсымыз» атты іс-шара өткізілді. Аталмыш іс-шара кафедрасы меңгерушісінің оқу, әдістеме және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Б. Жиекбаева, аға эдвайзер Ф.Т. Жұмажанова, 2 курс эдвайзері Ы.М. Палтөренің ұйымдастырумен өткізілді. Кафедраның оқу, әдістеме және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Б. Жиекбаева өзінің сөзінде жастардың арасында есірткіге әуестік көп ретте білместіктен басталады. Өз іс-әрекетінің салдарын дұрыс болжамау, жеңілтектік, жан-дүние, мінез-құлық пен дүниетанымның толық калыптаспағандығы, иланғыштық, кері әсерге еліктеушілік алғаш рет спирт ішімдіктері мен есірткінің дәмін көруді тудыратын себептерден басталатынын айтып, студенттерді осындай жаман қылықтардан аулақ болу керектігін түсіндірді. Аға эдвайзер Ф.Т. Жұмажанова нашақорлықтың қоғам дерті екендігі туралы жасаған баяндамасында жан-жақты тұрғыдан қарастыра келіп, есірткінің ерекшелігі сол, адам оған бір-ақ рет дәмін татқаннан кейін әуес болып калады. Эдвайзер Ы.М. Палтөре өзінің дайындаған «Нашақорлық -қоғам дерті» атты презентациясын көрсетті. Студенттер өздерінің көкейлерінде жүрген ойларымен бөлісіп, сұрақтарын қойды. Іс-шара студенттерге ой саларлықтай дәрежеде өтті.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: А.Б. Жиекбаева, Ф.Т. Жұмажанова, Ы.М.Палтөре