Жас ғалымдар кеңесінің кезекті отырысы өтті

24.02.2014

Көрулер: 3227

24 ақпан күні Шығыстану факультеті, Қытайтану кафедрасының Жас Ғалымдар Кеңесінің кезекті ғылыми семинары өтті. Семинар тақырыбы: Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуы және ҚХР модернизациясы парадигмасы. Семинарда жас ғалым, шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының аға оқытушысы, Ph.D докторы Серікқалиева Ажар аталған тақырып бойынша баяндама жасады. Баяндамада ҚХР-дың қазіргі нарықтық экономикасының қалыптасуы мен даму ерекшеліктері және оның тәуелсiз Қазақстанның экономикасының қалыптасуы кезеңімен ұқсастығы жайлы сөз қозғалды. Семинарға қатысқан жас ғалымдар мен факультет ұстаздары баяндама бойынша сұрақ-жауап алысып, өз пікірлерімен алмасты.