Ирандық қонақтармен кездесу

06.02.2014

Көрулер: 3432

2014 жыл 6 ақпанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің арабтану және ирантану кафедрасының ұйымдастыруымен Иран Ислам Республикасынан келген Тегеран университетінің жанындағы «Самт» баспа үйінің басшысы Мұхаммед Жауад Әбулқасими «Қазіргі Иран» атты тақырыпта дәріс оқыды. Сондай-ақ бұл дәріске Иран Ислам Республикасының мәдени өкілеттілігінің басшысы Аскар Сабери қатысты. Дәрісте қазіргі Иран Ислам Республикасының саяси ұстанымы, сондай-ақ Иранның ғылыми-техникалық саладағы жетістіктері жайында сөз болды.