ҚХР Бас консулдығы "Шығыс мұражайына" бағалы сыйлар тарту етті

20.12.2013

Көрулер: 3450

Университеттің шығыстану факультетіне бөлген серпінді жобасы аясында біздің факультет «Шығыс Музейін» ашу барысында қарқынды еңбек етіп келеді. 19 желтоқсан күні Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Басконсулдығы атынан білім және мәдениет жөніндегі вице-консул Гао Чэн мырза біздің мұражайға 10 жәдігер табыс етті. Соның ішінде – атақты қытай жібегіне қол жазуымен жазылған ежелгі қытай астанасы Пекин қаласының көне көріністері, дәстүрлі қытай бейнелеу өнерінен көрініс беретін желпуіш, әлемге әйгілі Циндыжэн фарфоры, қытай каллиграфиясы туралы толық мағлұмат беретін кітап,қытайдың көне мәдениетінен тамаша көрініс беретін шәй салтанаты кезінде қолданылатын шәй жабдықтары мен ыдыстары, 4 мың жыл бұрын қолданыста болған қазандық тірегіш, дәстүрлі өрнектермен көмкерілген қыш құмыра т. Б. жәдігерлер тапсырылды. Гао Чэн мырза жәдігерлерді тапсыру барысында олардың қысқаша тарихымен таныстыра келе болашақта да біздің университет пен ҚХР бас консулдығы арасындағы қарым –қатынастың беки түсетіндігі туралы үмітін білдіріді. Қытайтану кафедрасы ұжымы Гоа Чэн мырзаға үлкен алғысын білдіріп,ынтымақтастығымыздың дами түсетіндігі туралы ізгі ниеттерін білдірді