Ашық есік күні өтті

10.12.2013

Көрулер: 3439

Бұл шара барысында №2, № 131 және №36 мектеп-гимназияның 10-11 сынып оқушылары факультеттің тарихы мен қазіргі жағдайы, түсу ережелері және факультетте оқытылатын бакалавриат мамандықтары туралы кеңінен мәлімет алды. Сонымен қатар Ашық есік күніне келген оқушылар 3 курс студенттері түсірген факультет жайындағы бейнебаянды тамашалап, факультеттің түлектерімен тілдесуге мүмкіндік алды. Оқушылар көкейіндегі көптеген сауалдарды қойып, факультет оқытушыларынан жауап алды. Жиын соңында буклеттер таратылып, естелік суретке түсті.