Қытайтану кафедрасының түлегі С.Нарысовпен кездесу

15.11.2013

Көрулер: 4217

2013 жылдың 15 қараша күні сағ.12.00-де Шығыстану факультетінде факультеттің алғашқы түлектерінің бірі, қытайтанушы, Орталық-Азиялық тарихи-дипломатиялық Қоғамның төрағасы Серік Жұматайұлы Нарысовпен кездесу болып өтті. Кездесуге факультет басшылығы, оқытушылар, магистранттар мен студенттер қатысты. С.Ж. Нарысов Президент Н. Назарбаевтың аудармашысы болған, Қазақстанның Қытайдағы елшілігінде түрлі дипломатиялық қызметтерді атқарған. «Парасат» орденінің, басқа да мемлекеттік сыйлықтардың иегері. Кездесу барысында студенттер мен магистранттар тарапынан С.Ж. Нарысовтың тұлғасына деген қызығушылық зор болып, көптеген сұрақтар қойылды. Шығыстану факультетінде ашылып жатқан «Шығыс мұражайына» С.Ж. Нарысов көптеген баға жетпес экспонаттар әкеліп, сыйға тартты. Тәрбиелік мәні зор болған бұл кездесу қызықты да мазмұнды болды.