Тілдер фестивалі

25.09.2013

Көрулер: 3497

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінде «22 қыркүйек – тілдер күні» мерекесіне орай, қыркүйектің 20-25 аралығында қытайтану кафедрасының ұйымдастыруымен шығарма жазу сайысы өтті. Шығарма жазуға студент жастардың жүрегіне жақын, ойларын еркін жеткізуге ыңғайлы «махаббат» тақырыбы ұсынылды. Сайыстың ережесі бойынша қатысуға шығыстану факультетінде «шетел филологиясы», «шығыстану», «аударма ісі» мамандығы бойынша оқып жатқан қытай тілі тобының 2-4 курс студенттеріне рұқсат берілді.

Сайыстың өту тәртібі мен ережесі бойынша сайыс 2 кезеңге бөлінді. Сайысқа қатысуға ниет білдірген студент жазған шығармасын қыркүйек айының 20 дейін өткізуге міндетті болды. Кафедра басшылығы мен тәжірибелі ұстаздардан құрылған қазылар алқасы өткізілген шығармаларды қарап шығып, екінші кезеңге 10 студентті өткізу керек болды. Екінші кезеңге өткен студент жазған шығармасын қазылар алқасының алдында баяндап, айтып беруі тиіс.

Сайыс қытай тілін оқып жатқан студенттердің зор қызығушылығын туғызды. Студенттердің белсенділігі өте жоғары болды. Құрылған комиссияның қарауына барлығы 32 жұмыс өткізілді. Қазылар алқасы барлық шығармаларды оқып шығып, сараптап, саралап келесі кезеңге ең қызық, мәнді, мағналы деген еңбек жазған 13 студентті өткізейік деп шешті.

Екінші кезеңге төмендегі 13 студент өтті:

1. Аманбаева Фарида 2к.

2. Аширова Дана 2к.

3. Қожақметова Мадина 3к.

4. Барлықова Үкілі 3к.

5. Тұрсынбекова Мереке 3к.

6. Марынич Мадина 4к.

7. Ким Татьяна 4к.

8. Уәлиханова Әсем 4к.

9. Бисенбаева Әсел 4к.

10. Юлдашева Арзыгүл 4к.

11. Тынәлиева Әйгерім 4к.

12. Дәлелқызы Қарақат 4к.

13. Қамарова Маржан 4к.

Сайыстың екінші кезеңі қыркүйектің 23 күні өтті. Қытайтану кафедрасының кафедра меңгерушісінің орынбасары Омарова Мадина, кафедра оққытушылары Мадиев Данияр және Зейнолла Жанаттан құрылған қазылар алқасы өз жазған жұмыстарын баяндап, айтып берген студенттердің тақырыпты аша білу қабілетіне, жұмыстың мазмұнына, мағынасына, өзін-өзі ұстауына, қытай тілінің дыбысталуына, сөз қорының молдығына, сөздерді орынды, сауатты қолдануына қатысты бағалады.

Қортындысында мына төмендегі студенттер жүлдегер атанды:

3 орын: Марынич Марина 4 курс, «шетел филологиясы» мамандығы

2 орын: Бисенбаева Әсел 4 курс, «шете филологиясы» мамандығы

1 орын: Дәлелқызы Қарақат 4 курс «шетел филологиясы» мамандығы

Жеңімпаздар мен сайысқа белсенді қатысқан студенттер 26 қыркүйек күні кафедра ұжымының ұйымдастырумен өткен «ҚХР құрылғанына 64 жыл» атты мерекелік кеште дипломдармен және бағалы силықтармен марапатталды. Кешке факультет басшылығымен қатар ҚХР Алматы қаласындағы бас консулдығының өкілі, мәдениет және оқу-ағарту саласы бойынша атташе Гао Чэн мырза қатысты.