Халықаралық семинар өткізілді

01.04.2013

Көрулер: 3105

1 сәуір күні шығыстану факультетінде қытайтану кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазіргі уақыттағы шығыс тілдерін оқытудың өзекті мәселелері» атты халықаралық семинар өтті. Семинар ҚХР Шыңжаң Педагогикалық Университеті мен шығыстану факультетінің оқытушыларының қатысуымен өткізілді. Шыңжаң Педагогикалық Университеті тарапынан семинарға ректордың көмекшісі Нусрат Долкун мырза мен университеттің профессоры Чжоу Шань ханым қатысты. Семинардың мақсаты – еліміздегі шығыс тілдерін оқытудағы кездесіп отырған қиындықтар мен кедергілер, оларды шешу жолындағы ізденістер мен ұсыныстарды қарастыру. Сондай-ақ еліміздегі шығыс тілдерін үйрету тәжірибесімен шетелдік әріптестермен алмасу.