"Ушу"-дан мастер-класс өтті

26.03.2013

Көрулер: 3642

2013 жылдың 26 наурызында «Қытайтану апталығы» аясында қытайтану кафедрасы ушудан мастер-класс ұйымдастырды. Мастер-класты әл-Фараби атындағы КазҰУ жанындағы Конфуций Институтының оқытушысы Ши Тинчжуй мырза өткізді. Аталған шара №5 оқу корпусының спорт алаңында өткізілді. Бұл шараның негізгі мақсаты жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау болды. Кафедра студенттері қытай гимнастикасының негізгі қимылдарын үйреніп қана қоймай, сонымен қатар таза ауада көңілді уақыт өткізді.