"Өркениет тоғысындағы тіл, қоғам, мәдениет" атты Халықаралық Қазақстан-Жапон мемлекеттерінің ғылыми конференциясы өз бастауын алды.

15.03.2013

Көрулер: 3878

15 наурызда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Цукуба (Жапония) университетімен бірлескен Қазақстан мен Жапония арасындағы дипломатиялық қатынастың орнауына 20 жыл толуына орай «Өркениеттер тоғысындағы тіл, қоғам, мәдениет» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияның басты мақсаты – ғылым мен білім саласындағы университетаралық байланысты нығайту. Сондай-ақ шара барысында шығыс филологиясын зерттеу, Қазақстан мен Жапонияның пәнаралық ізденістері және Орталық Азия мен Жапонияның қауіпсіздік, экология, экономика мен энергетика саласындағы ынтымақтастығы сөз болды.

Алматы қаласындағы Жапон елшілігінің бөлім бастығы Мацудзаки Киеси алғы сөзінде: «Қазақстан мен Жапония университеттері арасындағы әріптестік жылдан-жылға нығайып келеді. Цукуба университеті мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ынтымақтастығы осының жарқын дәлелі болып отыр. Бұл жапонтанушылар бас қосқан екінші халықаралық конференция болып табылады. Онда білім беру жүйесінің өзекті мәселелері талқыланып, жетістіктермен бөлісіп, болашағы зор серіктестікке жол ашылуда», – деді.

Конференцияға Орта Азияны зерттеу орталығының директоры Усуяма Тошинобу бастаған Цукуба университетінің өкілдері, Германия мен отандық ғалымдар, Қазақ-жапон адам ресурстарын дамыту орталығының және бизнес құрылымдарының өкілдері, университет ұстаздары мен студенттері атсалысты. Сондай-ақ конференция өзекті мәселелер қозғалған пленарлық және секциялық отырыстар жұмысымен жалғасты.