Жұмыс берушілер оқу процессіне атсалысуға дайын

06.02.2023

Көрулер: 804

  Жұмыс берушінің өзін маман дайындау процессіне араластыру заман талабы болып отыр. Бұл әлемдік практикада өзінің тиімділігін дәлелдеген әдіс. Бұл мәселе университетіміздің де назарынан тыс қалып отырған жоқ.  Университтің даму стратегиясында бұл бағыт жоғары деңгейде қарастырылған. Осы міндетті жүзеге асыру үшін Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасы жұмысберушілермен тығыз жұмыс жасап отыр. 2023 жылдың 2-ақпан күні Қытайтану кафедрасы «Шығыс әдебиеті» баспа компаниясымен келіссөздер жүргізді. Аталған компанияның бас директорының орынбасары Омаров Жеңіс Жұмағұлұлы Шығыстану факультетінің факультетінің деканы Н.Б. Емнің қабылдауында болды. Жеңіс Жұмағұлұлы аудармашы мамандар дайындауға қатысты өзінің ой-пікірлерін ортаға салды. Болашақта маман дайындау процессіне белсенді атсалысуға дайын екендерін айтты. Қытайтану кафедрасы мен «Шығыс әдебиеті» баспа компаниясы арасында ынтымақтастық орнату туралы келісімшартқа қол қойылды. Екі мекеме жақын арада бірлесіп біраз ауқымды шараларды ұйымдастыруға келісті.