Қайырымдылық шара

06.05.2021

Көрулер: 1799

 

2021 жылы 6 мамырда әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінде Түркия Республикасының Алматы қаласы Бас консулдығының қайырымдылық шарасы өтті. Айлардың сұлтаны саналатын ораза (рамазан) айында қайырымдылық жасау сауапты істерден болып табылады. Осы мақсатта Түркия Республикасының Алматы қаласы Бас консулдығы жанындағы Дін істер жөнінідегі атташесі Емруллах Юзум мырза бастаған топ Шығыстану факультеттенің 20 қызметкеріне әлеуметтік көмек көрсетті. Қонақтарды Шығыстану факультетінің деканы Ы.М. Палтөре және факультет басшылығы қарсы алып, факультет ұжымы атынан қайырымдылық шараны ұйымдасытырып отырған Түркия Республикасының Алматы қаласы Бас консулы Али Риза Акынжы мырзаға және Дін істер жөнінідегі атташесі Емруллах Юзум мырзаға алғысын білдірді.

 

 

 

ТҮРКСОЙ кафедрасының аға оқытушысы А.Ж. Назарова