Қырғыз тілі курсы

23.04.2021

Көрулер: 2130

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде  қырғыз тілі  онлайн курсының  ашылу рәсімі болып өтті. Іс-шараға Қырғыз Республикасының Алматыдағы Бас консулы Алымукулов  Алиясбек және  консул Жакыпов Кайратбек қолдау білдіріп арнайы келді.  Сонымен қоса іс-шараға ыстық ықыласын білдірген "Абай" медалін, Елбасының "Бірлік" алтын белгісін, ассамблеяның "Мейірім" төс белгісін алған, қазақ шығармаларын қырғызша, қырғызды қазақша сөйлеткен Перизат Алмасқызы.  Онлайн курстың ашылу салтанатына сонымен қатар  Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетінің деканы PhD, Ықтияр Молдатөреұлы,  Түрксой кафедрасының меңгерушісі PHD,Үміт Тұрсынбайқызы, қырғыз тілі курсының оқытушысы Мейрім Исаханова қатысты.  Салтанатты түрде ашылу рәсіміне сонымен қатар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінің оқытушы, профессор құрамы мен студент, магистрант және докторанттары қатысты.