Түріктің ұлы ақыны Юнус Әмренің есімі ұлықталды

21.04.2021

Көрулер: 1980

Халықаралық UNESCO ұйымының шешімімен  2021 жыл Түрік сопылық мектебінің негізін қалаушы, ұлы ақын Юнус Эмренің 780 жылдығына  байланысты «Юнус Әмре жылы» болып жарияланды. 2021 жылдың 21 сәуірінде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Шығыстану факультеті, Түрксой кафедрасында «Түркі әлеміндегі түріктің ұлы ақыны Юнус Әмренің орны»  атты арнайы ғылыми халықаралық конференция  өтті.
Шығыстану факультетінің деканы, PhD Ықтияр Палтөре Молдатөреұлы  конференцияны ашып, қатысушыларға жылы лебізін білдірді. Бұдан кейін Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы жанындағы білім  жөніндегі атташесі Махмұт Ағырман сөз алып,  ұлы ақынның түркі әліміндегі тарихи орны туралы  қысқаша айтып берді. Осы конференцияны ұйымдастырушылардың бірі, Ескішехир Османгази университеті, түрік тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры Ердоған Боз «Yunus Emre’de Uyarı Dili» атты баяндамасын ұсынды.Түрксой кафедрасының меңгерушісі, PhD Үміт Тұрсынбайқызы Қыдырбаева конференцияға қатысып отырған жас ғалымдар мен ізденушілерге сәттілік тіледі. Түркия ғалымдары Мугла Сыткы Кочман университеті, Әдебиет факультетінің деканы, профессор Али Акар  «Türk Dili Tarihinde Yunus Emre»,  PhD Емин Оба  «Yunus Emre’nin Şiirlerinden Kazakçanın Söz Varlığına Genel Bir Bakış» атты баяндамаларында  ұлы ақын Юнус Әмренің бүкіл түркі әлеміне ықпалы туралы баян етті.Конференцияда профессорлардан бастап магистрант, докторанттар ұлы тұлға Юнус Әмренің түркі өркениетіндегі орны, өмірі мен шығармашылығы, тарихтағы орны, түркі халықтарының сопылық ілім  бойынша тың ізденістерімен бөлісті. Конференция онлайн түрінде өтсе де, айрықша танымы мол, өз мақсатына жетті және баяндама жасаушыларға сертификаттар онлайн түрінде  табысталды.