Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының студенттері Иранда

17.10.2019

Көрулер: 1820

Студенттеріміз әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Иранның беделді жоғары оқу орындарының бірінен саналатын Шахид Бехешти университетімен жасалған әріптестік қатынастар жөніндегі келісім-шарты негізінде Тегеранға баруға мүмкіндік алды. Шахид Бехешти университеті Иранның инженерия мен физика саласындағы мемлекеттік оқу және ғылыми-зерттеу орталығы болып табылады. Иранның аса беделі техникалық жоғары оқу орындарының бірінен саналады. 1959 жылы американдық жекеменшік университеттер үлгісімен ашылған. Қазіргі таңда бұл университетте 119 бакалавриат бағдарламасы, 632 магистратура бағдарламасы, 257 PhD бағдарламасы бойынша 17500 студент білім алуда, оның ішінде бакалавриат 7507, магистратура 9560, докторантура 900 студенттен тұрады. 

Қазір қос студент аталған университеттің әдебиет және гуманитарлық ғылымдар факультеті ғалым-ұстаздарынан дәріс алып, парсы тілі мен әдебиеті бойынша алған бұрынғы білімдерін одан әрі жетілдіріп жатыр. Ирандықтармен етене араласып, олардың тұрмыс-тіршілігімен жақыннан танысып, осы ел бойынша елтанымдық бағыттағы мағлұматтары одан әрі кеңеюде.