Шығыстану факультеті Түлектер күнін тойлады

25.05.2019

Көрулер: 1984

25  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да үлкен және ұмытылмас оқиға өтті. Еліміздің жетекші оқу орны өзінің 85 жылдығын және Түлектер күнін атап өтті.

Бұл күні «Мәңгілік Ел» триумфалды аркасында курстастармен, педагогтармен кездесу, университет мерейтойына және Түлектер Қауымдастығының 25 жылдығына арналған түлектердің II форумы жұмысына қатысу үшін 2 мыңнан астам түлек жиналды.

II Форумның іс-шараларына университет түлектері, мемлекеттік құрылымдар, ғылыми қоғам, бизнес-қауымдастық, Қазақстаннан, алыс және жақын шетелдерден серіктес жоғары оқу орындарының, ҚР-дағы дипломатиялық миссиялардың өкілдері, университет оқытушылары мен студенттері қатысты.

Таңғы сағат 10-да олар «Мәңгілік ел» салтанатты қақпасына жиналды. Мереке меценаттардың Құрмет тақтасының тұсаукесерімен басталып, әл-Фараби және Өмірбек Жолдасбековтың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қоюмен жалғасты. Содан кейін қонақтар студенттер сарайында ҚазҰУ-дың жетістіктері мен дамуы туралы фотокөрмемен танысты.

ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтановтың айтуынша, альма-матер өзінің тарихында қазақстандық элита кадрларының басты «ұстаханасы» болып табылады. Бүгінде ҚазҰУ әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне көшуде. Біздің жыл сайынғы кездесулеріміз тамаша дәстүрге айналды және бірлік пен туған университеттің даму тарихына атсалысып келетініміздің айқын көрінісіне айналды», – деп атап өтті ол.

Форум аясында «Bіzdіń elıta - Наша элита» кітабының үшінші томы және Альма – матер жетістіктері туралы фильм көрсетілді. Ресми іс-шаралар үлкен гала-концертпен аяқталды. Түлектер күні факультеттердегі кездесулермен жалғасып, қонақтар үшін кампус-тур ұйымдастырылды.

Биыл Шығыстану факультеті де өзінің кішігірім 30-жылдық мерейтойын атап өтті. Осыған орай Түлектер күніне факультетіміздің алғашқы түлектері мен университетті бітіргендеріне 25, 20, 15,10 жыл толған түлектер келіп бас қосты. Факультет тынысымен танысқан түлектер, Үлкен залда салтанатты шарада бас қосып, өздерінің естеліктерімен бөлісті. Салтанатты шараға Шығыстану факультетінің негізін қалаушы әрі алғашқы деканы болған Дербісәлі Шейх Әбсаттар қажы Бағысбайұлы арнайы келіп қатысты. 1999 жылы (20-жылдық) оқу бітірген түлектер факультет ұстаздарына естелік сыйлықтар тарту етіп, үздік студенттерге өз аттарынан стипендиялар тағайындады. Кешке ҚазҰУ-дың Орталық алаңында 2019 жылғы түлектер балыөтті.