Берлиндегі Workshop

18.05.2019

Көрулер: 1870

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қиыр Шығыс кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Л.В.Сафронова биылғы жылдың 28-30 наурыз аралығында Германияда іс-сапармен болып қайтты. Ол шығысеуропалық және халықаралық зерттеулер Орталығында (Centre for East European and International Studies (ZoiS, Berlin)) өтетін “Russophone Literatures” шеберханасының жұмысына “Contemporary Kazakhstani Russophone Prose: Universal and Specific Tendencies” тақырыбындағы баяндамамен қатысты. Workshop жұмысына Оксфорд, Болонья, Гумбольд, Палау, Назарбаев университеттерінің славистері мен Ресейден тыс жерлерде жұмыс істейтін орыс тілді әдебиетті зерттеп жүрген американдық ғалымдар да қатысты