Жапон тілінде шебер сөйлеу тренингі

02.05.2019

Көрулер: 1934

Мамырдың 2-сінде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Шығыстану факультеті, Қиыр Шығыс кафедрасы, Жапонтану бөлімінде Оикава Кодзидің жетекшілігімен тренинг өткізілді.

     Оикава Кодзи- әлемнің бірқатар елдерінде ,сонымен қатар, Қытайда жапон тілін оқытудың озық техникасын ойлап тапқан әлемге әйгілі оқытушы. Ол Қытайдың бірқатар университеттерінде зерттеулер жүргізіп, жапон тілін оқып жатқан студенттерге жапон тілін жетік меңгеру техникасын ұсынған. Қазіргі таңда өзінің зерттеу жұмыстарын Орталық Азия елдерінде, соның ішінде, Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан елдерінде жүргізу үстінде.

   Тренингтің мақсаты- студенттерге жапон тілінде өз ойларын еркін жеткізу тәсілдерін үйрету. Тренинг барысында дауыс ырғағына, сөйлеу мәнеріне ерекше көңіл бөлінді. Ол арқылы студенттерге жапон тілін үйрену оңай берілетіні айтылды. Бірінші курс студенттерінен бастап магистрлерге дейін тренингке белсенді түрде ат салысты. Әрбір қатысушыға тренингте баса назар аударылып, жапон тілін әрі қарай бар күшімен оқуға жігерлендірді. Оикава Кодзидің шәкірті әрі ассистенті Оу мырза қытай азаматы бола тұра, жапон тілін қалай үйренгендігі жайлы және тез арада қалай тілді жетік меңгере алу тәсілдерімен бөлісті.

Тренинг барысында бірнеше тақырыптар талқыланып, нәтижесінде студенттер өз ойын ашық білдіре алды. Жапон тілінде өз ойларын еркін жеткізе алу тәсілдерін меңгеріп, мұғалімдер де Оикава Кодзидің техникасына өз ризашылықтарын білдірді.