«Бір белдеу - бір жол: қазірі және болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

03.05.2019

Көрулер: 2278

2019 жылдың 3 мамыр күні шығыстану факультетінде « «Бір белдеу – бір жол» және «Нұрлы жол» жобаларының концепциясы мен практикасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында шетелдік ғалым – Айдын университетінің профессоры (Түркия, Ыстамбул) Рагип Кутай Каража мырзаның қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел «Қазіргі заманғы Қытайды зерттеу орталығы» және қытайтану кафедрасының ұйымдастырылуымен болды. Кездесу барысында қытайтану кафедрасының профессорлары мен оқытушылары түркиялық профессормен еркін түрде Қытайдың қазіргі жағдайы, жұмсақ күш саясаты, «Бір жол – бір белдеу» бастамасы, Қытайдың даму болашағы жайында ой-пікірлерімен бөлісті. Дөңгелек үстел соңында кафедра ұжымы түркиялық профессормен болашақта ғылыми-зерттеу жұмыстарында ынтымақтастық орнату ниетін білдіріп, естелік суреттерге түсті.