Салауатты өмір салтын қалыптастыру - денсаулық кепілі.

20.02.2021

Көрулер: 3363

 

          Механика-математика факультеті, «Математика» мамандығының 1- курс (4-топ) студенттері 2021 жылдың 19 қаңтары күні Кіші Алматы шатқалында орналасқан  «Медеу» мұз айдынына барып, оның қалыптасу тарихымен танысып, таза ауада серуендеп қайтты. Студенттер коньки теуіп, демалыс күндерін қызықты өткізді. Бұл жас буынға туған ел табиғатымен кең тыныс алып, салауатты өмірге көзқарастарын қалыптастыруға бағыт беретін керемет демалыс болды. Қаламыздың көрікті жерлеріне жасаған әрбір саяхатымыз салауаттылық салтын қалыптастырудағы жастардың қосқан үлесі деп білеміз.

Ұйымдастырушы: Іргелі математика кафедрасының куратор-эдвайзері Нарбаева С.М.