"ШЫҒЫС МӘДЕНИЕТІ" фестивалі

2011 жылдың 24 қарашасында ШЫҒЫСТАНУ факультеті ҚЫТАЙТАНУ кафедрасының ұйымдастыруымен «Шығыс мәдениеті» атты фестиваль өткізеді.
Фестивальда шығыс тағамдары, Шығыс елдері мәдениетінен үзінді, шығыс өнері, сонымен қатар қытайтану кафедрасының студенттері дайындаған қытай символикасы көрсетілді.


Фестиваль соңында қатысушыларға «ең үздік шығыс тағамы», «ең үздік қытай символикасы», «ең үздік шығыс әні» және «ең үздік шығыс биі» номинациялары бойынша диплом берілді.


Ал фестиваль соңында қатысушылар өздері даярлаған тағамдардың дәмін татты.