Кафедраның құрметті профессор-оқытушылары

СҮЛЕЙМЕНОВА ЭЛЕОНОРА ДҮЙСЕНҚЫЗЫ

1995 жылдан 2009 жыл аралығында кафедраны ҚР ЖМ ХҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Э.Д.Сүлейменова басқарды. Э.Д. Сүлейменова МАПРЯЛ Президиумының мүшесі (Братислава, 1999), ТМД қатысушы мемлекеттерінің Базалық ұйымы тіл және мәдениет жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшесі (Москва, 2000), ИНТАС ғылыми кеңесінің мүшесі (Брюссель, 2003), ИНТАС сарапшысы (Брюссель, 1996-1999), «Русский язык за рубежом» журналының Халықаралық редакциялық кеңес мүшесі (Мәскеу, 1999), "Russian Language Journal" (Washington, 2000); «Вестник МАПРЯЛ» журналының Халықаралық редакциялық кеңес мүшесі (Москва, 1999), КазПРЯЛ президенті (Алматы, 1998). 1993-1994 жылдары Э.Д. Сүлейменова – Мэриленд Университетінің славистика департаментінің (США) профессоры.

1997 жылдан бері Э.Д. Сүлейменова – Д 14 А.01.31 (1997-2001) диссертациялық кеңесінің төрағасы, одан кейін Д 14А.01.22 (2001 жылдан қазіргі күнге дейін) диссертациялық кеңесінің төрағасы.

Э.Д. Сүлейменова – 160-тан аса қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі ғылыми еңбектердің авторы. Э.Д. Сүлейменова филология ғылымдарының 15 докторын, 34 кандидатын, сондай-ақ 4 PhD докторын дайындады (оның ішінде АҚШ азаматы Уильямм Риверс бар: "Factors Influencing Attitudes and Behaviors towards Language Use among Kazakhstani University-Level Students" – National Foreign Language Center, Washington DC, USA & University of Maryland, Department of Germanic and Slavic Languages, USA – 2003).

МАДИЕВА ГУЛМИРА БАЯНЖАНҚЫЗЫ

2009 жылдан қазіргі уақытқа дейін кафедраны филология ғылымдарының докторы, профессор Г.Б.Мадиева басқарып келеді.

1996 жылдан бастап жалпы тіл білімі кафедрасында жұмыс істейді; 1997-2000 жж. – факультеттің кәсіподақ бюросының төрағасы; 2000-2002 жж. – Д 14А.01.22 диссертациялық кеңесінің ғалым хатшысы; «Өрлеу» журналының редакция алқасының мүшесі (2000-2002); «КАЗПРЯЛ» қоғамдық бірлестігінің хатшысы; «КАЗПРЯЛ бюллетенінің» жауапты редакторы. Профессор Г.Б. Мадиева 1 филология ғылымдарының докторын, жеті филология ғылымдарының кандидатын, екі PhD докторын дайындады.

Айналысатын ғылыми салаларына теориялық және қолданбалы ономастика, қостілдік лексикография және жалпы тіл білімі мәселелері кіреді. Г.Б. Мадиева 100-ден аса ғылыми еңбек жариялады, атап айтқанда, "Теория и практика ономастики" (2003); «Имя собственное в контексте познания» (2004, 2011), «Теоретические основы ономастики» (2010), «Топонимическое пространство Восточного Казахстана» / Бірлескен авторлар: О. Сапашев, Б. Бияров және т.б. (2008) монографияларының авторы.

Г.Б. Мадиева – "The Lexicographical Description of Loanwords in Kazakh" INTAS-96-0073 халықаралық жобасына қатысушылардың бірі, "Словарь по языкознанию. Тіл білімі сөздігі" (Алматы, 1998) және жалпы білім беретін мектептердегі 7-8 сыныпқа арналған «Русский язык» оқу-әдістемелік кешендері авторларының бірі (2000; 2003, 2007, 2008).


Ибраева Жанар Құлматқызы – психолингвистика, салғастырмалы тіл білімі мәселелерінің маманы. 1999 жылы «Национально-культурная специфика конвенциональных фразеологизмов с соматизмами (на материале казахского, русского и английского языков)» атты тақырыпта профессор Н.Ж. Шаймерденованың жетекшілігімен кандидаттық диссертация қорғады. «Невербальная коммуникация: национально-культурная специфика» (2003 г.) атты оқу құралының авторы. Ғылыми табыстары мен жетістіктері үшін Ж.Қ.Ибраева Жас және талантты ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендиясының иегері (2006-2008). ҚР БжҒМ «Государственный язык как базовая составляющая национальной идеи в процессах государственной идентичности как основы устойчивого развития казахстанского общества» (2007-2009) және «Қазақ тілінің лексикалық бірліктеріндегі ұлттық-мәдени құндылықтардың кумуляциялануы: лингвоелтанымдық электронды тезаурус селекциясы және лемматизациясы» атты ғылыми-зерттеу жұмысы жобасына қатысушы (2009-2011). «2008 ж. ҚазҰУ-дың үздік жас ғалымы» байқауының жеңімпазы. КАЗПРЯЛ мүшесі.

Ләззат Маратқызы Шәйкенова кафедрада күндізгі аспирантураны аяқтағаннан кейін жұмыс істей бастады. Проф. Э.Д. Сүлейменованың жетекшілігімен “Функционально-семантическое описание ментальных перформативов” (Алматы, 1999) тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. Л.М.Шайкенова Д 14А.01.22 диссертациялық кеңесінің ғалым хатшысы, "Перформативы: виды и способы выражения" (Алматы, 2003) оқу құралының авторы. КАЗПРЯЛ мүшесі.

Ария Хазиқызы Азаматова - классикалық филология бойынша маман, кафедрада 1995 жылдан бері жұмыс істейді, профессор Э.Д.Сүлейменованың жетекшілігімен "Греко-латинская основа интернационализации дипломатической терминологии" (Алматы, 2001) тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады; 2008 жылы "Метаязык лингвистики: семантика, прагматика" тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Доцент А.Х.Азаматова – "Метаязык лингвистики" монографиясының авторы; З.А.Мұқановамен бірігіп Латын тілі бойынша республикамыздағы алғаш оқулық шығарды: "Латинский язык". (Алматы, 1998) және "Латинский язык и основы научной терминологии" (Алматы, 2002). А.Х. Азаматова жас және талантты ғалымдардың Мемлекеттік сыйақысын жеңіп алған (2002-2003). КАЗПРЯЛ мүшесі.