Жалпы мәліметтер

Қараша айында түркология кафедрасының 20 жылдығына орай «Түркі жазуы мейрамы» өткізілді. Мереке түрік тілі бөлімінің 1 курс студенттері арасында, түркі халықтарының салт-дәстүрі бойынша жарыс түрінде өтті. Сайыс 5 топ:: «Елімай» (қазақ тобы), «Шәриқ юлтузлири» (ұйғыр тобы), «Шахдот қиз»(өзбек тобы), «Ай йылдыз», «Төнкөрүшлер»(қырғыз тобы) арасында өтті. Мерекеге Қазақстаннның атақты түркітанушысы филология ғылымдарының докторы, профессор А.Б. Салқынбай, Ана тілі газетінің бас редакторы Самат Ибрайм, Ұйғыр мәдени орталығының төрағасы Именов Қаһраман, Ұйғыр театрының режиссеры Шаймеев Ялхунжан және Қазақстандағы Түркия Республикасының Алматыдағы бас консулы Мине Кебапчыоғлы ханым, Қазақстандағы Түркия Республикасының Түркия Түрік Тілі Білім Орталығы төрағасы: Муаммер Идеш, Қазақстандағы Түркия Республикасының Түркия Түрік Тілі Орталығы оқытушысы: Сайт Арбатлы мырза және де факультет оқытушылары мен студенттері шақырылды. Сонымен қатар, Түркі жазуы мейрамы» туралы ақпарат Қазақ радиосында орыс және қазақ тілдерінде, сондай-ақ, «Страна и Мир» телеарнасынан және «ұйғур авази » газетінде жарыққа шықты.

Үйірме мүшелері кезекті отырысында