Дүниежүзілік саясаттағы Шығыс елдері

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінде танымал саясаттанушы-ғалым, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның стратегиялар зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері М.Т. Лаумулиннің «Дүниежүзілік саясаттағы Шығыс елдері» тақырыбында ашық лекциясы өтті. Ғалым Шығыс-Батыс: әлеуметтік-саяси құрылымның және саяси үдерістердің динамика ерекшеліктері; дүниежүзілік қарым-қатынастар жүйесінің және әлемдік саясаттың қалыптасу үрдістері; Шығыстағы Ислам әлемі мен жаһандық және өңірлік қауіпсіздік проблемалары; Шығыс елдері мен «жаңа» дүниежүзілік қауіп-қатерлер: сепаратизм, лаңкестік, есірткі саудасы, өркениетаралық жанжалдар сияқты мәселелерге тоқталды. Лекция тыңдаушылардың көп сұрақтар қоюы, сондай-ақ, жеке проблемалар бойынша пікір-таластың орын алуы дәріске қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. М.Т.Лаумулин соңғы жылдары Қазақстан мен шет елдерде жарық көрген соңғы монографияларын факультеттің кітапханасына сыйға берді. Олардың ішінде мынадай еңбектері бар: «Центральная Азия в зарубежной политологии и мировой геoполитике», 5 том, «Геополитические процессы в исламском мире», «The Kazakhs children of the steppes» және т.б.