Корейтану және жапонтану кафедрасында «Тілдер фестивалі» апталығының аясында жапон, корей тілдерінде ең үздік өлең оқушылардың байқауы және корей диаспорасының өкілі Мен Дмитрий Вольбоновичтің дәрісі

Корейтану және жапонтану кафедрасында «Тілдер фестивалі» апталығының аясында жапон, корей тілдерінде ең үздік өлең оқушылардың байқауы және корей диаспорасының өкілі Мен Дмитрий Вольбоновичтің дәрісі


2011-жылдың 20 қыркүйегінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультетінің корейтану және жапонтану кафедрасында «Тілдер фестивалі» апталығының аясында жапон, корей тілдерінде ең үздік өлең оқушылардың байқауы өтті.

Байқаудың ашылуы корейтану және жапонтану кафедрасының меңгерушісі Л. Т. Балақаеваның сөз сөйлеуімен басталды. Одан соң іс-шараның қатысушылары мен қонақтары корей диаспорасының өкілі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мен Дмитрий Вольбоновичтің тарихи отанынан жырақтағы әрбір халық тілінің рөлі, қазіргі жағдайы мен зерттелуіне қатысты көпұлтты еліміз үшін айтарлықтай маңызды да қызықты дәрісін тыңдады.

Бұдан кейін байқаудың ең маңызды бөлігі басталды. Корейтану және жапонтану кафедрасының 15 шәкірті өлең оқып, олардың ішінен 1, 2, 3 орындарға бір-бір шәкірттен ұсынылды. Байқау мүшелерін бағалауға корей бөлімінің оқытушысы Чан Бенг Сун мен Қазақстандағы жапондар Ассоциациясының өкілі Майко Ин-сан қатысқан қазылар алқасы атсалысты. Жеңімпаздарға сыйлықтар берілді.

1 орын – Нұрпейісова Меруерт, 2 курс, шетел филологиясы

2 орын – Нұрғалиева Нұргүл, 2 курс, шетел филологиясы

3 орын – Әбдуалиева Эльмира, 2 курс, аударма ісі

Жұбаныш сыйлықтарының иегерлері: Мықтыбаева Әйгерім (3 курс, шетел филологиясы), Бекмұхамбетова Гүлжан (3 курс, шетел филологиясы), Мұсабекова Ақтоты (3 курс, шетел филологиясы), Бичуинова Жібек (3 курс, шетел филологиясы), Ахметжанова Әйгерім (2 курс, шетел филологиясы), Сүйенбекова Айнұр (2 курс, шетел филологиясы), Құттыбай Меруерт (2 курс, шетел филологиясы) және Әбдіхамитова Әйгерім (1 курс, шетел филологиясы)