Барлық қиындықтарды жеңеміз!

31.03.2020

Көрулер: 3235

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры академик Ғ. М. Мұтановтың карантин жағдайында студенттерді қашықтықтан оқытуды нақты ұйымдастыру туралы нұсқауларына сәйкес, университеттің әскери кафедрасында студенттерді қашықтықтан оқыту мәселелерін шешу бойынша жоспарлы және мақсатты жұмыстар ұйымдастырылды.

Әскери кафедра бастығы, Педагогика ғылымдарының кандидаты, запастағы полковник О. В. Ажимовтың шешімімен цикл бастықтарының ішінен қашықтықтан оқыту сабақтарын өткізу сапасы мен мерзімділігін бақылау және мониторинг бойынша жедел топ құрылды. Оқу взводтарының кураторларымен оқыту бағдарламасы және сабақ кестесі бойынша онлайн режимдерде дәрістер, консультациялар, семинарлар өткізіледі, әр студент оқытылатын тақырыптар бойынша әр түрлі есеп беру құжаттарын пысықтауға тапсырма алады. Әскери кафедра бастығының тапсырмасы бойынша оқу взводтарының кураторлары күнделікті студенттермен байланысқа шығып, тапсырмалардың орындалу барысын бақылап қана қоймай, олардың денсаулық жағдайы мен моральдық-психологиялық жағдайын нақтылайды.

Оқытушылар жұмысының мониторингі және олармен байланыс үшін бірнеше чат құрылды. Әскери кафедраның оқытушылар құрамымен тұрақты байланыста басшылық және кәсіподақ комитеті бар. Қызметкерлердің моральдық-психологиялық жағдайын нығайту мақсатында кәсіподақ комитеті интерактивті режимде әр түрлі конкурстар мен сауалнамалар өткізеді, мысалы, 29 және 30 наурызда отандық фильмдерді білуге конкурс өткізді, сондай-ақ запастағы полковник А. А. Елмұхамбетовтың бастамасымен "Позитивные стихи"интернет флэшмобы іске қосылды.

Әскери кафедраның барлық қызметкерлерінің жағымды көңіл-күйі оптимизм мен мақсатты жұмыстың арқасында бүгінгі күні біздің қоғам алдындағы барлық қиыншылықтар еңсерілетіндігін көрсетеді.