Батырларды есте сақтап құрметтейік!

14.02.2020

Көрулер: 3044

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған ұйымдастыру-тәрбиелік іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2020 жылдың 20 қаңтар мен 10 ақпан аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасында оқытушылар құрамы мен барлық студенттермен "Біздің тарихымыз"атты әскери-тарихи викторина өткізілді.

Викторинаның мақсаты-еліміздің бай тарихын, әсіресе 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңін насихаттау.

Қазақстанның фашизмді жеңуде қосқан үлесіне ерекше назар аударылды. Викторина бағдарламасына соғыс жылдарындағы фильмдер мен кинохроникалардан үзінділер, соғыс туралы әндер, майдангерлер ақындарының өлеңдері, сондай-ақ біздің батырлық тарихымыз туралы қызықты сұрақтар енгізілді. Викторина қатысушылары біздің Отанымыз туралы жақсы білімдерін көрсетті.

Оқытушылар құрамымен викторина әскери кафедра бастығы запастағы полковник О. В. Ажимовтың басшылығымен өткізілді, ал студенттермен викторинаны "Әскери журналистика" әскери-есептік мамандығы бойынша оқитын студенттер өткізді.