Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасының студенттері Алматы қаласының оқушыларымен сабақ өткізуге қатысты.

05.11.2019

Көрулер: 3167

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің "Бастапқы әскери даярлық Ережелерін бекіту туралы" және Алматы өңірлік гарнизонының бастығы орта оқу орындарын бекіту туралы бұйрықтарының талаптарын іске асыру аясында және бастапқы әскери-технологиялық дайындық, әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша сабақтарды ұйымдастыру мен өткізуге көмек көрсету мақсатында 2019 жылдың 29 қазанда және 1 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасында Алматы электромеханикалық колледжінің оқушыларымен саптық даярлық бойынша практикалық сабақтар өткізілді.

Сабақ басталар алдында әскери кафедра бастығының орынбасары запастағы полковник М. Р. Тоекин оқушыларға әскери кафедрадағы оқу жүйесі туралы және еліміздің ең көне жоғары оқу орны ретінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарихы жайлы айтып берді.

"Қару-жарақсыз саптық қабылдауларды орындау" тақырыбы бойынша практикалық сабақтарды өткізу үшін әскери кафедраның оқу-озат студенттері Асанқожа Ұлан, Серікқазин Әділбек, Нұрлыбаев Алишер қатысты.